Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде бокстан 2008-2009 жылғы жастар арасында «Жетісу Кубогі» ХХІІ халықаралық турнир жалауын желбіретті. Байрақты бәсекеге Өзбекстаннан және Алматы, Шымкент, Астана қалаларынан, сондай-ақ Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Атырау және Жетісу облыстарынан келген 180 спортшылар бақ сынап, 11 салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтайды.

Турнирдің басты мақсаты — жас спортшылардың шеберлігін арттырып, болашақ чемпиондарды анықтау. Сонымен қатар, халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасу, олимпиадалық спорт түрін насихаттау да жарыстың негізгі міндеттерінің бірі.
Айта кетсек, жарыс 4 күнге созылады. Жарыстың финалдық бәсекесі 18 қазанда өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, кубоктар және арнайы сыйлықтар табысталмақ. Сонымен қатар, «Үздік боксшы», «Үздік төреші», «Үздік бапкер» номинациялары бойынша да марапаттар қарастырылған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *