Семинарға еліміздің әр өңірінен келген педагогтер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен жас ғалымдар қатысуда. Семинарға 2 қала, 7 облыстан 110 ұстаз, 9 спикер білімін толықтырып, тәжірибесімен бөлісті.
Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу» тақырыбындағы республикалық семинардың негізгі мақсаты —   Қазақстан тарихы мен дүние жүзілік тарихты оқыту үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндектерін тиімді пайдалану арқылы мұғалімдердің кәсіби  құзыреттілігін арттыру; тарихи деректерді талдау мен интерпретациялаудын  заманауи әдістерін меңгерту; білім беру сапасын жетілдіруде инновациялық  технологиялардың рөлін айқындау; жас ұрпактың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаңа тәсілдерді педагогикалық тәжірибеге енгізу.
  Іс-шараның бірінші күнінде қатысушылар:
1.«Жасанды интеллект және тарих ғылымы: өткенді жаңаша тану»               (А.Хожа-Ахмедов)
2.«Ғылыми қызметтегі жасанды интеллект: академиялық еңбектер жазу тәсілдерінің трансформациясы»
3.“AI құралдары арқылы алынған тарихи ақпараттың шынайылығын қалай тексеруге болады?(Д.Касенов)
4.Қазахстан тарихы сабағында “тарихи танымдық “ ойынның қолданудың тиімді жолдары (Р.Ақылбеков)
5.«Развитие критического мышления учащихся на уроках истории в условиях цифровой трансформации образования»(А.Доскожанова)
6.«Шоқан Уәлихановтың жеке тектік құжаттарын жасанды интеллект негізінде талдау» (Г.Тлеубекова) тақырыбында  ақпарат алып тарих ғылымын заманауи технологиялармен ұштастырудың жаңа тәсілдерімен танысты.

Семинар аясында «Олимп шыңы» Қазақстан тарихы пәнінен  республикалық олимпиадасы  өткізілді. Педагогтер олимпиада барысында білімдерін бәйгеге салуға мүмкіншілік алды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *