Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бүкіл ел бойынша жас футбол таланттарын анықтап, оларды кәсіби спортқа тартуға бағытталған әлеуметтік маңызы зор «Әуесқойлар лигасы» атты ауқымды жобаны қолға алды.
Аталған бастама кәсіби мансапқа ұмтылған жастар мен футбол әуесқойлары үшін барлық өңірлерді қамтитын маңызды платформаға айналды.
Жоба биыл көктемде бастау алды. Жарыстарға республикадағы 20 өңірден 268 команда қатысып, шамамен 5 мың футболшыны қамтыды. Аралық кезеңдерде ел бойынша 1 500-ден астам матч өткізілді. Бұл көрсеткіш жобаның ауқымдылығын және маңыздылығын айқын дәлелдейді.
Финалдық ойындар 2025 жылғы 1-8 қазан аралығында Талдықорған қаласы мен Көксу ауданында өтеді. Финалға жолдама алған 500-ден астам үздік ойыншы өз өңірін таныстырып, кәсіби футбол клубтарының назарын аударуға мүмкіндік алады.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі — аймақтық таланттарды ұлттық чемпионатқа дайындау және кәсіби клубтарға өтуге жол ашу. Сонымен қатар, үздік командалар мен ойыншылардың УЕФА-ның Әуесқойлар лигасына қатысу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *