Талдықорғанда еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды.

Белгілі бапкердің атындағы жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Бұғыбаев турнирі – еліміздің жас балуандары үшін өте маңызды жарыстардың бірі. Сондықтан бұл жолғы сайысқа Өзбекстан республикасы, 16 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаладан 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *