Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлыққа сәйкес, 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында еліміздің барлық өңірлерінде мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуде.
Күзгі науқан аясында Жетісу облысы бойынша шамамен 1000 азамат әскери борышын өтеуге аттанады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, олардың ішінде 100-ден астамы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ден астамы – ҚР Қарулы Күштеріне, 400-ден астамы – ҚР Ұлттық ұланына, ал 10-нан астамы – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Жалпы Талдықорған қаласынан 200 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге жолға шығады. Әскер қатарына шақыру жұмыстары қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда.
Шақырылушыларды хабардар ету күнтізбелік шақыру қағаздарын тапсыру немесе SMS-хабарламалар арқылы іске асырылады. Хабарлама алғаннан кейін азаматтар Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келіп, медициналық комиссиядан өтуге міндетті. Комиссия шақырылушының денсаулық жағдайын тексеріп, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтайды.
Мерзімді әскери қызметшілер үшін заңнамамен бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған:

  • қызмет ету кезеңінде және запасқа шыққаннан кейін 60 күнге дейін кредиттік демалыс алу мүмкіндігі;
  • жоғары оқу орындарында тегін немесе ақылы негізде ҰБТ тапсырмай-ақ білім алу құқығы.
    Сонымен қатар, әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
    Жетісу облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру және оның сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *