Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтіп жатыр. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі және оны арнайы құрылған комиссия ұйымдастырады.

Дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс беруге құқылы. Дауыс беру бюллетендері қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумда азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беруі керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 

Жалпы облыс бойынша 442 429 дауыс беруші тіркелген.

Референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

«Жетісу-Ақпарат»

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *