2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 289 интернет-алаяқтық қылмыстары тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеді. Алаяқтық қылмыстардың жалпы материалдық зиянының 145 млн-ға жуығы жәбірленушілерге кері қайтарылған. Бұл жаңадан қолданысқа шыққан ANTIFROD бағдарламасының арқасында. Платформа қаражаттың қай есепшоттан аударылып, қай есепшотқа түскенін анықтайды. Бұл алаяқтарды жылдам әрі кедергісіз табуға және қаржыны кері қайтарып алуға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері оңай ақша табу жолдарын ұсынатын компанияларға сенбеуге; жеке деректеріңізді, код және банк картасы деректерін ешкімге жарияламауды ұсына отырарақ, сақ болуға шақыруда.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында көп кездесетін буллинг құқықбұзушылығы мектептерде жиі кездеседі. Жаңа оқу жылының басталуымен, полиция органдары, ата-аналарды балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Кездесу барысында сталкинг және сваттинг құқықбұзушылықтарына да ерекше көңіл бөлінерек, азаматтардың қауіпсіздігі құқық органдарының қадағалауында екені еске салынды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *