Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде 37 құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық. Оның ішінде 20 есірткі қылмысы анықталса, олардың қатарында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өткізу және сақтау деректері бар. Бұған қоса, заңсыз айналымнан 11 келіден астам түрлі есірткі заттары, атап айтқанда, марихуана, гашиш және синтетикалық есірткілер тәркіленді.
Есірткі қылмысын жасағаны үшін 21 азамат ұсталды, оның ішінде үшеуі есірткі жасырумен айналысқан. Құқық қорғау органдары «Кибербақылау», «Антифрод» және «Аргус» сияқты цифрлық құралдарды пайдалана отырып, есірткі таратумен байланысты 577 сайтты, 183 банктік шотты, сондай-ақ мыңдаған шетелдік шоттар мен криптоәмияндарды бұғаттады. Бұл бағыттағы жұмыстар есірткі саудасының виртуалды алаңдарын жабуға бағытталған.
Облыста есірткіге тәуелді 234 адам есепте тұр.
Сонымен қатар, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстағы түнгі клубтар мен мейрамханаларға тексеру жүргізілді; есірткінің заңсыз айналымы деректері анықталған жоқ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *