Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 25 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген.
Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту шараларына бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы 4,7 млрд теңге болса, ал биыл 5,1 млрд теңге қарастырылған.
Бүгінгі күні облыста оңалту техникаларына мұқтаж 13 064 адамның 77%-дан астам адам қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Былтырғы жылдан бастап алғаш рет кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балаларға алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көмек беріле бастады.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында облыстағы 1120 нысанды бейімдеу жоспарланған. Соңғы үш жылда 671 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделіп, қолжетімді болды. Биыл тағы 200-ге жуық нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бюджет есебінен жаңа «Инватакси 55 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
«Облыста мүгедектігі бар адамдарға арналған 13 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 1 548 орын қарастырылған, қазіргі таңда 1 397 адам қызмет алуда.
2025 жылы Талдықорғанда 150 орындық жаңа оңалту орталығының құрылысы басталады. Бұл мақсатқа 9,5 млрд теңге бөлінді», — деді Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.
Мемлекеттік қолдаулардың қолжетімділігін арттыру мақсатында облыс пен аудан-қала әкімдерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізетін кеңесшілері тағайындалған. Облыс бойынша олардың саны – 11.
Талдықорған қаласындағы «Асар» спорттық-оңалту кешені алғаш рет мүгедектігі бар азаматтарға үй жағдайында оңалту қызметін көрсету жобасын іске қосты. Бұл жоба өздігінен қозғала алмайтын немесе жұмыс істейтін адамдар үшін өте қолайлы. Үйде тегін көрсетілетін қызметтерге массаж және емдік дене шынықтыру жатады. Бүгінге дейін 108 адамға осы қызметтер көрсетілді.
Алакөл ауданы Ақши ауылында «Жансая» лагері жұмыс істейді. Биыл 160 бала қамтылды. Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалауында осындай тағы бір лагерь ашу көзделіп отыр.
Өткен жылы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы «Мерей» орталығында иппотерапия бөлімі ашылып, бүгінге дейін 30 бала қамтылды.
«Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау – облыс басшылығының тұрақты назарындағы маңызды бағыт. Көрсетілген шаралар әлеуметтік теңдік пен қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыстар жалғасын табатын болады», — деді Роза Ақжаркенова.
