Есептік кезеңде Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 57 аудиттік іс-шара өткізді, оның ішінде 13-і жоспарлы және 44-і жоспардан тыс. Аудитпен 29 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты қамтылды, тексеру нәтижесінде шамамен 16 млрд теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың едәуір бөлігі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. Нәтижесінде ондаған лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 38 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Аудит нәтижелері бойынша прокуратураға төрт материал жолданды, олардың бірі бойынша (Ескелді ауданы) қылмыстық іс қозғалды, қалғандары қаралу үстінде.
«Бюджетті онлайн-мониторингтеу» жүйесі арқылы білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларындағы 400-ден астам нысан қамтылды. Мониторинг қорытындысы бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтар расталды, қаражаттың бір бөлігі бюджетке қайтарылды.
Есептік кезеңде e-Otinish жүйесі арқылы азаматтар мен ұйымдардан 693 өтініш түсті, олардың басым бөлігі қаралып, мерзімдерді бұзу фактілері тіркелген жоқ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *