Жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, оларды еңбекке баулу және болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға көмектесу мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Панфилов аудандық филиалы мен Жаркент көпсалалы колледжі бірлесіп маңызды іс-шара ұйымдастырды. Кәсіптік бағдар беру бағытында өткізілген бұл экскурсия барысында студенттер ЖШС «Универсаль» кәсіпорнының өндірістік алаңымен танысып, нақты жұмыс процесін бақылап, әртүрлі бөлімдердің қызмет ерекшеліктерімен және жұмыс істеу қағидаларымен жақын танысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарға түрлі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, қоғамдағы жұмысшы еңбегінің рөлін көрсету, оларды еңбекке, тәртіпке және жауапкершілікке баулу, сондай-ақ кәсіби бағдар беру арқылы дұрыс мамандық таңдауға бағыттау болды.

Экскурсия барысында кәсіпорын мамандары студенттерге өндірістік процестер, қызмет көрсету саласы мен заманауи технологиялар туралы жан-жақты мәлімет беріп, кәсіби-техникалық білімнің өмірдегі маңызын нақты мысалдармен түсіндірді.

Бұл шара – жастардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ететін маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар жас ұрпақты еңбекке баулып, қоғам үшін қажетті білікті кадрларды даярлауда айрықша рөл атқарады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *