
Мен, Мәулен Сайлаубайұлы Айнабұлақ ауылдық округінде 12 жылдан астам қызмет атқарып келемін. Ауыл тұрғындарымен қарым-қатынас тұрғындардың күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Нашар жолдар, жарықтандырылмаған көшелер, суармалы су, стихиялық күп қоқысорындар — мүның бәрі бәріне таныс.
Халықтың сенімі мен әл-ауқаты үшін үлкен жауапкершілік, үлкен құрмет. Сол сенімнен шығу мақсатында туған жердің азаматы ретінде еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жоғары белестерге көтеру азаматтық борышым деп есептейімін.
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты ауылдарының көшелеріне ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары мәселесі,
- Айнабұлақ бекеті, Подхоз ПЧ-45 ауылындағы газ жүйелерінің мәселесі;
- Округке қарасты төрт елді мекендерінің көше жарықтарының мәселелері;
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын;
- Ауылдық округтің елді-мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етуге ықпал етемін;
- Ауылдық округтің Рамазанов, Железнодорожная, Кемертоған, Центральная көшелеріне ағымды, орта және күрделі жөндеуден өткіземін;
- Ауылдық округтің Кемертоған, Алдабергенов, Центральная көшелеріне жарық шамдарын орнатамын;
- Подхоз ПЧ-45 ауылына балалар алаңын және воркаут салуға жұмыстар жүргіземін;
- Ауыл шаруашылық саласындағы су жүйесінің потоктарын ауыстыруға жұмыс жасаймын;
- Айнабұлақ ауылдық округінде жаңа жұмыс орындарын құруға күш саламын.