Мен Ихсанов Самат Таңатарұлы Жарлыөзек ауылында туып-өстім. Осы уақытқа дейін іс тәжі-рибелерімді ауылым алтын бесігім демекші, туған ауылыма өсіп өркендеуіне үлесімді қосуды мақсатым деп білемін. 20 жылдан аса мемлекеттік қызметті атқарып келемін. Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін.

Мен ауыл мәселелерін өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

> Округке қарасты Жарлыозек, Бозтоған және Мұқаншы ауылдарының көшелеріне ағымды жол жөндеу мәселесі;

> Ауыл шаруашылығын жандандыру;

> Округке қарасты Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

> Бозтоған ауылында Мәдениет үйін салу.

Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:

> Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын;

> Ауылдарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;

> Бозтоған ауылындағы Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, қолданысқа беруге күш саламын;

> Округтегі Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің күрделі жұмыстарын аяқтап, қолданысқа беруге уәде беремін.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *