Мен Еркін Аманбайұлы Ақтекше ауылында туып-өстім. Осы уақытқа дейін іс тәжірибелерімді ауылым алтын бесігім демекші туған ауылыма өсіп өркендеуіне үлесімді қосуды мақсатым деп білемін.

14 жылдан аса мемлекеттік қызметті атқарып келемін. Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін.

Мен ауыл мәселелерін өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Қабылиса ауылдық округіне қарасты Көкбастау ауылы Абай көшесіне балалар ойын алаңын салу мәселесі;
  • Көкбастау ауылы Абай көшесіне балаларға футбол алаңын салу мәселесі;
  • Ақтекше ауылы Ж.Егінбаев көшесіндегі саябақты, халық игілігіне беру;

Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:

  • Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын;
  • Ауылдарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
  • Ауылдардың ішкі көшелерін ағымды, орта және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті құжаттарын әзірлеп, қаражат бөлінуіне үлес қосамын;
  • Ақтекше ауылының Ж. Егінбаев көшесінде тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында футбол және баскетбол аландарын салужұмыстары қолға алынып, іске асырылуына күш саламын.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *