
Мен Бағлан Түтінбайұлы Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында туып-өстім. Осы уақытқа дейін іс тәжірибелерімді ауылым алтын бесігім демекші туған ауылыма өсіп өркендеуіне үлесімді қосуды мақсатым деп білемін.
Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Мен ауыл проблемаларын өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ауылдық округіне қарасты Мұқаншы ауылының Жамбыл көшесінің ағымды және күрделі жөндеу мәселесі.
- Бостоған ауылындағы Керімбаева және Мәрден көшелеріндегі ауыз су және электр жүйелерінің мәселесі;
- Округке қарасты үш елді мекенді көгалдандыру мен абаттандыру мәселелері.
- Шауылындағы Мәдениет үйін күрделі жендеуден өткізу.
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын;
- Ауылдарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
- Бостоған ауылындағы Балдырған балабақшасын орта және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті құжаттарын әзірлеп, қаражат бөлінуіне үлес қосамын.