
Мен Қуандық Асқарбекұлы Ақтекше ауылында туып-өстім. Осы уақытқа дейін іс тәжірибелерімді ауылым алтын бесігім демекші туған ауылыма өсіп өркендеуіне үлесімді қосуды мақсатым деп білемін.
Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін.
Мен ауыл мәселелерін өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешу үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ауылдық округіне қарасты көшелеріне ағымды және күрделі жөндеу мәселесі;
- Ауылындағы ауыз су және электр жүйелерінің мәселесі;
- Округке қарасты елді мекенді көгалдандыру мен абаттандыру мәселелері.
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Ауылдарды көгалдандырумен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
- Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын!
- Ауылдардың ішкі көшелерін ағымды, орта және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті құжаттарын әзірлеп, қаражат бөлінуіне үлес қосамын.