
Мен Назарова Сәуле Мұқыры ауылында туып-өстім. 15 жылдан аса мемлекеттік қызметті атқарып келемін. Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл түрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Мен ауыл мәселелерін өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қабылиса ауылдық округіне қарасты Ақтекше және Көкбастау ауылдарының көшелеріне ағымды және күрделі жөндеу мәселесі;
- Ақтекше, Көкбастау ауылдарындағы ауыз су және электр жүйелерінің мәселесі;
- Округке қарасты екі елді мекенді көгалдандыру мен абаттандыру мәселелері;
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
- Халықпен тиімді кері байланысты және туындайтын сұрақтарға жедел ден қоюды қамтамсыз етуге;
- Қарапайым адамдардың күнделікті мәселелерін шешу, ауылдық өмір сүру сапасын жақсарту;