Мен, Айдар Жұмабекұлы Жамбыл ауылында туып-өстім. Осы уақытқа дейін іс тәжірибелерімді ауылым алтын бесігім демекші туған ауылыма өсіп өркендеуіне үлесімді қосуды мақсатым деп білемін.

14 жылдан аса білім саласында еңбек етіп келемін. Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін.

Мен ауыл мәселелерін өздеріңізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • Округке қарасты елді мекенді көгалдандыру мен абаттандыру мәселелері;
  • Айнабұлақ бекетіндегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу.

Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:

  • Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға бар күш жігерімді саламын;
  • Ауылдарды көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргіземін;
  • Ауылдардың ішкі көшелерін ағымды, орта және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті құжаттарын әзірлеп, қаражат бөлінуіне үлес қосамын;

Ол үшін ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауыл экономикасын дамытуға жұмыстар атқаратын боламын.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *