
Мен, Дәурембаева Мөлдір Манатқызы Айнабұлақ ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде дауысқа түсе отырып, сайлаушыларым маған сенім артқан жағдайда, мәселелерді шешу үшін барлық күшімді, білімім мен тәжірибемді пайдаланамын: Үкімет басшысы Жолдауында берілген тапсырмаларды, мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген міндеттемелерді ауыл көлемінде орындалуына ықпал етемін.
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты елді-мекендерді көркейту, жасыл желектендіру;
 - Окруте жаңа жұмыс орындарын ашу;
 
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында осал топтағы адамдарды жұмыспен қамтылуына жұмыс жасаймын;
 - Ауылдық кәсіпкерлердің дамуына мемлекеттен берілетін несиелер арқылы жұмыссыздықты азайтуға ықпал етемін;
 - Жергілікті инфрақұрылымды, елді-мекендерді абаттандыруды іске асыруға ықпал етемін;