
Мен Жанғабылов Алишер Асқарұлы Еңбекшіқазақ ауылында дүниеге келдім. Осы уақытқа дейін мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосудамын. 9 жылдан аса Мәдениет саласында қызмет етіп келемін. Қызмет еткен жылдары ел арасында жүргендіктен ауыл тұрғындарына қиындық тудыратын мәселелермен таныспын.
Мен ауыл мәселелерін өздерінізбен бірлесе отырып оңтайлы шешетініме сенемін. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
АУЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Жарлыөзек ауылында мәдениет үйін салу мәселесі
- Жарлыөзек ауылдық округіне ведомстволық бағынысты ауылдардың көшелерін ағымдағы және күрделі жөндеу мәселесі;
- Округтің елді мекендерін көгалдандыру және абаттандыру мәселелері
Аталған мәселелерді қаперге ала отырып, өзімнің ауыл әкімі болған кездегі жасайтын жұмыстарымды ұсынамын:
- Біздің ауылдың экономикалық дамуына жұмыс істеу;
- Талантты, дарынды жастардың идеясын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
- Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға күшімді саламын.
- Округтің елді мекендерін көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін шешемін.