Панфилов ауданында алдағы үш жылда, яғни биылдан бастап 2027 жылға дейін Өсек, Тышқан және Қорғас өзендерінің бойында үш ірі су қоймасы салынбақшы. Бұл өңірдегі егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуді түбегейлі шешпек. Ол су тапшылығы салдарынан жылдан-жалға кеми бастаған суармалы егістік алқаптарын қайта қалпына келтірумен қатар, егін егетін жаңа жерлер ашып, бұрынғы игеріліп жүрген 45 мың гектарға тағы бес мың гектар алқап қосуға және дақылдардың өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Өңірде бұл бағытағы жұмыстар 2023 жылдан бері қолға алынып, аталған өзендердің жағасынан су қймаларын салудың алғышарттары жасалған болатын. Осы істің барысымен танысу және өңірдегі осыдан алпыс жылдан астам бұрын салынып, әбден тозығы жеткен бетон каналдарды жөндеуден өткізудің жайын бағамдау, аудан аумағында туризім индустриясын қалыптастыру жолдарын қарастыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закир Кузиеу және ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ыбрайханов, Жетісу облыстық маслихатының төрайымы Гүлнар Тойлыбаева келіп, облыстағы және аудандағы жауапты тұлғалармен Қорғас өзенінің бойындағы халықаралық «Достық» су бөлу бекетінде су қоймаларына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, кеңіес өткізді.
Астанадан келген қонақтарға алдымен «Достық» халықаралық су бөлу бекетінің жұмысын «Қазсушар» РМК Жетісу облыстық филиялының басшысы Саят Құдайбергенов таныстырды. Бекет арқылы Қорғас өзенінің суы ҚХР мен Қазақстан тарапына теңдей бөлініп, Басқұншы, Атамекен және Бірлік ауылдық округтеріндегі 10 мың гектарға жуық егістік алқаптары суарылады екен. Мұнда өзен суының екі тарапқа тұрақты тең бөлінуін бақылап отыратын арнайы диспечерлік орталық та бар.
Бұдан кейін «Достық» су бөлу бекетінің қабылдау ғимаратының үшінші қабатындағы залда Панфилов ауданында салынатын жаңа су қоймаларының құрылысы жөніндегі ақпаратты жобалаушы «Юпитер» зертеу орталығы» ЖШС менеджері Мырзағали Райымқұлов таныстырды.
Негіздемелерді дайындауға 2023 жылдан бері облыстық бюджеттен 67,7 миллион теңге жұмсалыпты.Негіздемелер мемлекеттік сараптамаға берілген, оның қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айында тиянақталмақ. Су қоймаларының құрылыс-мантаж жұмыстарының жалпы құны техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес 100,3 миллиярд теңгені құрайды.
Су қоймаларының жалпы сыйымдылығы – 35 миллион текше метр, оның 15 миллион текше метірін Өсек су қоймасы қамтыса, қалған Тышқан, Қорғас су қоймаларының әрқайсысы 10 миллион текше метрден су жинақтай алады.
Су қоймаларының құрылыс — мантаж жұмыстарын Ислам Даму банкі қаражаты есебінен жүргізу жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен келісілген және 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарға енгізілген.
Қорғас су қоймасы Басқұншы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылының батыс жағында, елді мекенен 4 шақырым қашықтағы Қарабастау сайына орналастырылады. Мұндағы қырдың ұзындығы 2079 метр, бөгеттің биіктігі 50 метр, жалпы аумағы 37,3 гектар жерді қамтымақшы.Құрылыс-мантаж жұмыстарының болжамды құны 56216,8 миллион теңгені құрайды.
Қорғас су қоймасын экономикалық негіздемесіне сәйкес болашақта жалпы 1268 ауыл шаруашылық тауыр — өндірушілері пайдаланып, 14119 гектар егінді сумен қамтамасыз етпек. Дәндік жүгерінің түсімділігін гектарына 70 центнерден 80 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады.
Өсек өзеніне салынатын су қоймасы Бетағаш аталатын шатта салынбақ. Оның жалпы аумағы 66,87 гектарды қамтып, қырының ұзындығы 1786 метр, биіктігі 50 метр болмақ. Жотаның ені 10 метр. Құрылыс – мантаж жұмыстарының болжамды құны 23163,1 миллион теңгені құрамақ. Бұл қойма жалпы 1745 ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің 21810 гектар егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етеді. Дәндік жүгерінің өнімділігін гектарына 60 центнерден 80 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп болжануда. Мұнда құрылыс жұмыстары кезінде 150 адам, пайдалану кезеңінде 15 адам жұмыспен қамтылмақшы.
Ал, Тышқан өзеніне салынатын су қоймасы Сарыбел ауылының шығыс жақ тұсындағы Байқатын теліміне орналастыралады. Оның жалпы аумағы 64,8 гектарды қамтиды. Бөгет түрі үйінді жер, жалпы барлық су қоймалары осындай әдіспен салынады деген болжам бар. Қырының ұзындығы 560 метр, ені 10 метр, су шығару қондырғысы құбырлы. Құрылыс-мантаж жұмыстарының болжамдық құны 17062,2 миллион теңге. Суару алаңы 6779 гектарды қамтиды.Тышқан өзеніне салынатын су қоймасының экономикалық негіздемелері бойынша өңірдегі 335 шаруашылыққа қарасты 6048 гектар егін алқабын сумен қамтамасыз етеді. Су қоймасы пайдалануға берілгенен кейін осы өңірдегі 731 гектар жаңа суармалы жер айналымға қосылады.
Басқосуда депутатар тарапынан үш су қоймасын салуға жұмсалатын қаржыны нақтылау және жобалық сметалық құжаттарды дайындауды облыстық бюджетке жүктеу мәселесі айтылды. Сонымен қатар өңірдегі ішкі шаруашылық су жолдары мен «Қазсушар» мекемесіне қарасты каналдарды жөндеуден өткізудің нақты жобасын жасау ұсынылды. Сенат депутаты Закир Кузиев өңірде туризім индустриясын өркендетудің мүмкіндіктері мол екенін және оны жедел қолға алу жөнінде ұсыныстарын айтты. Әсіресе Қорғас, Тышқан, Өсек өзендерінің басындағы тау шатқалдары тұнған табиғи көркем көрністерге бай. Қорғас өзенінің бас жағындағы Қазан көл, Алмалысу, Ойжайлау, Қорғас арасан сияқты табиғаты әсем орындар саяхатшыларды қызықтыратын сөзсіз. Алайда қат-қабат қойылған шекара бекеттері саяхатшылардың еркін жүріп, тұруына кедергі келтіреді. Депутат осы бекеттерді барынша азайтуды ұсынды.
«Достықтағы» кездесуден кейін Астанадан келген қонақтар Басқұншы ауылдық округуіндегі 150 гектар жерін тамшылатып суару әдісіне көшіріп, жүгері алқабын жайнатып отырған «Айгерім» ЖШҚ егістік алқабының басында өңірдегі жүгерішілермен кездесіп, ауыл шаруашылық өндірісінің жай-күйімен танысып, егіншілердің өтініш, сұрақтарына жауап берді. Мұнда да егін суаратын судың тапшылығы вице — министрдің алдына көлденең тартылып, Ерболат Мақсұтханұлы тозған су каналдарын жөндеуден өткізудің жолдарын түсіндірді.