Текелі қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дойбы ойынынан қалалық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шара Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен “Спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы” КММ-нің Текелі қалалық филиалының ұйымдастыруымен Текелі жастары орталығында өтті.

Жарысқа 14 қатысушы қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, жеңімпаздар грамота, медаль және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осындай спорттық жарыстар азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырып, олардың қоғамға бейімделуіне және жаңа достар табуына мүмкіндік береді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *