Б. Құранбек атындағы журналистер үйінде аудан-қала әкімдерінің баспасөз хатшыларына арналған семинар өз жұмысын бастады. Іс-шараны ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК ұйымдастырды.
Семинардың басты мақсаты – өңірлік деңгейдегі баспасөз қызметтерінің кәсіби біліктілігін арттыру, заманауи коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы ақпараттық саясаттың сапасын көтеру.
Шараға аудан және қала әкімдерінің баспасөз хатшылары мен өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның ашылуында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Губашев пен «Жетісу Медиа» МКК басшысы Шыңғыс Бозым сөз сөйлеп, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
Бағдарлама аясында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша білім мен тәжірибе алмасты.
Семинар соңында қатысушылар интерактивті Qazaqsha quiz интеллектуалды ойынына қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар: баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, дағдарыс кезіндегі коммуникация орнату әдістерін, әлеуметтік желілер мен цифрлық технологияларды кәсіби деңгейде қолдануға, көпшілік алдында еркін сөйлеп, ақпаратты нақты әрі сенімді жеткізу қабілеттерін дамытады.