Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Алакөл көліне баратын туристерге арналған негізгі көлік торабы – Ақши теміржол бекетіндегі вокзал маңы алаңының жаңартылып, кеңейетінін жариялады.

Бұл бастама жолаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Яғни, туризмнің өркендеуіне оң әсерін тигізеді. Көлік министрлігі өкілдері бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын қайта жаңарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның іске асырылатынын хабарлады. Осы жұмыс аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп күрделі жөндеуді қажет ететін 125 вокзал анықталған. Олардың қатарында Ақши стансысы да бар.

Ақшиден басқа облыс аумағында Талдықорған, Үштөбе, Лепсі, Сарыөзек, Бескөл, Көктұма, Жайпақ және Достықтағы вокзалдар да жаңғыртылады. Бұл аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамытудағы жүйелі істі білдіреді. Жұмыс кезінде ғимараттар қайта жаңартылып қана қоймай, вокзал маңының аумақтары абаттандырылып, инженерлік желілер толық ауыстырылады. Бұл істер аяқталған соң вокзалдарда заманауи күту залдары, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық ақпараттық жүйелер және қосымша қызметтердің кеңейтілген спектрімен жарақтандырылатын болады.

Сонымен бірге жолаушылардың көбеюіне байланысты олардың қажеттілігіне сәйкес стансының өткізу деңгейі едәуір артады деп күтілуде. Биыл Қазақстан теміржолдарымен 22 миллион жолаушы тасымалданады деген болжам бар. Жолаушылардың ыңғайлы өтуі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін жазғы кезеңде құрамдағы вагондар саны 19-21-ге дейін, ал маусымаралық кезеңде 13-15 вагонды құрайды.

Инфрақұрылымға салынған бұл инвестициялар Алакөл өңірінің туристік бағыт ретіндегі стратегиялық маңыздылығын және жолаушылардың барлық санаты үшін көлік қызметтерінің сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *