Уақытша оқшаулау орталықтарына 24 бала жеткізілді, үш әке-шеше, ата-ана құқығынан айырылды. Жасөспірімдер жасаған 5 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 15 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында спикер Қайсар Мұхметов мәлімдеді.

Облыста құқық бұзушылықтың, буллингтің және есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша белсенді түрде бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Қауіпсіз мектеп. Қауіпсіз орта» жобасы және «KIVA» антибуллинг бағдарламасы енгізілді. Мектептерде этика мен құқық мәселелері бойынша 108 ментор және 11 координатор жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мектептерде оқушылар мен ата-аналармен 300-ден астам дәріс пен кездесулер өткізілді. Облыстағы 8084 жасөспірімнің қатысуымен анонимді сауалнамалар ұйымдастырылды. Спикерлердің айтуынша, Буллинг фактілері анықталған жоқ.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *