Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, олардың экономикадағы маңыздылығын атап өтті.


Еңбек адамдарына қолдау көрсету мақсатында Отбасы банк 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама аясында 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы мамандық иелері қолжетімді тұрғын үй несиесін ала алады.


Негізгі шарттар:


• Несие мөлшерлемесі: жылдық 7%-9%
• Бастапқы жарна: 10%-дан бастап
• Максималды несие сомасы: 30-36 млн теңге
• Қолжетімді тұрғын үй: ірі қалаларда – бастапқы нарықтағы, моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде – қайталама нарықтағы баспана.


Бағдарламаға өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салаларда жұмыс істейтін 8 230 жұмысшы мамандық иелері қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 17 наурызда банк филиалдарында басталады. Толық ақпарат Отбасы банкінің сайтында.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *