Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жастар бастамаларын қолдауға 10 грант бөлінді. Бағыттары: ғылым, мәдениет, IT, бизнес және медиа.
Өңірде отбасылық саясат белсенді түрде дамуда. Қыркүйек айында Отбасы күніне арналған 76 іс-шара өткізілді, оған 43 мыңнан астам адам қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне 30 отбасы қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.
2024 жылы жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған 2789 іс-шара өткізіліп, шамамен 173 мың адам қамтылды. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 8 жоба іске асырылды. Олардың ішінде волонтерлікті қолдау, нашақорлықтың алдын алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту және «Жасыл ел» штабының ұйымдастырылуы бар.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *