Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді.
Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды.
Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдындары» акциясы өткізіледі.
Инспекция заңсыз балық аулау деректерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды су ресурстарын қорғау жөніндегі белгіленген нормаларды сақтауға шақырады.