Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Текелі қаласының жұмыс нәтижелері жарияланып, негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар талқыланды.
Текелі қаласының өнеркәсіптік өнімінің көлемі 26,2 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 12,3 млрд теңге инвестиция тартылып, түрлі жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Құрылыс саласында есепті кезеңде жалпы сомасы 8,6 млрд теңгеге жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтар үшін 40 пәтерлік жалдамалы үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 40 пәтерлік кредиттік үйдің құрылысы аяқталып, ол «Отбасы банк» арқылы сатылатын болады.
Жыл басынан әлеуметтік осал азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлініп, 20 жеке үйдің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталды, ол 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Қала су жабдықтау жүйесі жаңартылуда. Су құбырлары 86% тозғандықтан, оларды ауыстыру қажеттілігі туындауда. 2024 жылы «Қора» сүзгі станциясының жөндеу жұмыстары басталды, бұл қала тұрғындарына сапалы ауыз су беруді жақсартуға бағытталған.
2025 жылы Текелі қаласының магистральды су құбырлары желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасады, жоба бойынша 26,1 км желі жаңартылатын болады.
30 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. «Алия-Сервис» мердігер ұйымы газ тарату желілерін салып жатыр. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 194,2 км газ құбыры салынуда, қазіргі уақытта 152,2 км газ құбыры тұрғызылды.
2024 жылы шамамен 2 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар әкім өз сөзінде 100 бос жұмыс орны бар екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау саласында биыл «Металлург» ықшам ауданында блочно-модульді медициналық пункт пайдалануға берілді. Ал 2025 жылы жедел жәрдем станциясы үшін блочно-модульді құрылыс салу жоспарлануда, оған 90 млн теңге бөлінді.
Осылайша, моноқала әртүрлі салаларда, соның ішінде құрылыс, абаттандыру, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында белсенді дамуын жалғастыруда.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *