Мен Жүнісов Айдын Несіпбайұлы 1981 жылы 23 қараша айында дүниеге келдім. Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыры ауылында туылғам. 1988 жылы мектепке барып 1999 жылы бітірдім. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «Физика-математика факультетінің» «Информатика және ағылшын тілі» мамандығына түсіп 2003 жылы аяқтадым.
Еңбек жолым:
— 2005-2006 жылдар аралығында «Валют-Транзит» зейнетақы қорында маман лаузымы болып жұмыс жасадым;
— 2006-2007 жылдар аралығында «Альянс Retail Group» ЖШС-де жеке тұлғалармен жұмыс жасайтын менеджер;
— 2008 жылдың 09 қазан айында «Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының бас маман;
— 2010-2020 жылдар «Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі;
— 2020-2023 «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту ортылығы» КММ-нің директоры;
— 2023 жылдың 01 шілдесінен «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Көксу ауданы мансап ортылығы» филиалының директоры лауазымына тағайындалдым, бүгінгі күнге осы лауазымда жұмыс жасаймын.
Менің мақсатым Балпық би ауылын көркейту,оның өркендеуі үшін,халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін еңбек ету.
Ауылдық округте мынандай өзекті мəселелердің оң шешімін табу үшін алға қойған мақсаттарым :
•Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ықпал етіп жұмыс жасау;
•Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету,шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету;
•Ауыл аумағында санитарлық-тазалық, көркейту, аббатандыру, көше жолдарына ағымды жөндеу жүргізу, ауыл мәдениетінің дамуына ықпал ету;
•2025 жылы Наурызбай көшесінде балалар ойын аланынын орнату жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін
• Ауыл ішіндегі жолдардың жөнделуі,көшелерге жарық шамдардың орнатылуы; атап өтсек 2025 жылы Байтурбай би, Жарокова ,
•Н. Алдабергенов және Тәттібай батыр көшелеріне жарық шамдарын орнату. 2026 жылы Шагирова және Ақын Сара көшелеріне жарық шамдарын орнатуға ықпал етемін
• Ауылдағы жалғыз басты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау, осы кісілердің жағдайларын үнемі назарда ұстау және көмек көрсету;
•Ауылдағы білім беру, балабақшаларда, денсаулық сақтау, кітапхана және т.б. мекемелерде материалдық-техникалық базасын арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысу;
•Халықтың жұмыспен қамтылуы, көп балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету