Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.

Жоба аясында:

 * Б. Құранбек атындағы журналистер мектебі құрылды;

* журналистердің өңірлік пулы қалыптасты;

* медиа сауаттылық, дата журналистика, мультимедиялық журналистика, фактчекинг, SMM  және басқа да бағыттар бойынша курстар ұйымдастырылды.

* «Үздік медиа зерттеу» байқауы ұйымдастырылып, 10 адам қаржылай сыйлық, сертификаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, жоба аясында Бейсен Құранбек атаулы стипендиясын  тағайындау  және  газет, теледидар немесе радио редакциясында «Өңірлік медиа мамандарына арналған тағылымдама» байқауы  ұйымдастырылды. Тағылымдама бойынша Ұлттық арна Қазақстан телеарнасы, Астана телеарнасы, Егемен Қазақстан газеті, Ана тілі, Алаш Курсив баспалары, «Адырна» ұлттық порталы,  Massaget, «ULT MEDIA»-ға 7 адам жолдама алды. Жеңімпаздарға бір реттік 100000 тенге қаржымен Бейсен Құранбек стипендиясы тағайындалды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *