Жаркент мешіті – ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Тарихи  деректерге сүйенсек, бұл мешітті сонау 1887-1892 жылдары халықтан жинаған қаржыға Вали Ахун Юлдашев атты саудагер салдыртыпты. Ғимарат Қазақстан мен Орта Азияның сәулет-құрылыс өнерінің  ең  үздік тәсілдері ескеріле отырып жасалған. Құрылысын басқарған — Хон Пик деген қытай сәулетшісі.

Кешеннің  ең басты маңызды нысаны мешіт ғимараты. Ол сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер мен тұтқалар қолданылмаған. Бағандар тастарға отырғызылып, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген.

Жаркент мешіті сәулет-көркемөнер музейіне жыл сайын ағылған туристтер  келіп,  «Жетісудың жауһары» атанған осынау сәулет ескерткішін және  ондағы тарихи жәдігерлерді қызыға тамашалайды. Музей төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде қолөнер бұйымдары, экспонаттар, зергерлік бұйымдар мен құрал жабдықтар орнатылған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *