Жетісу облысында жылыту маусымы басталғалы 16 өрт оқиғасы орын алған. Өңірде 2024-2025 жылға жылыту маусымына орай жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспары әзірленіп, бекітілді.
Өткен жылғы жылыту кезеңінің тәжірибесіне сүйене отырып, халықтың әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру үшін 358 бірлік улы газ анықтайтын датчиктер сатып алынып, олардың 141 бірлігі қорда сақтаулы тұр. Бүгінгі күні 404 датчик орнатылған. Жұмыстар әлі де жалғасуда. Анықтама үшін: Бір датчик құны шамамен 5 мың теңгеге жетті.