№189 сайлау учаскесіне Сарыөзек ауылының тұрғыны
5 бала, 13 немере, 1 шөбере тәрбиелеп отырған Нұрғалымова Раушан әжеміздің бала-шағасын, немересін ерте келіп, дауыс берді. Әулет үлкені Раушан әже жиылған қауымға өз батасын беріп, ел болашағына бей-жай қарамай, дұрыс таңдау жасауға шақырды.
«Осы елдің азаматшасы болғандықтан өз таңдауымызды жасап, дауыс беру учаскесіне келіп, таңдау жасадық. Бір адамның дауысы бәрін өзгерте алмас, ал бәріміздің дауысымыз біріксе қоғамды өзгерте алатынына мен сенемін», — деп өз ойын жеткізді көпбалалы ана.