Республикалық референдумда Ескелді ауданының қолөнершілері Шәмен Жаманұр, Рәуя Нұртілеу Сырымбет ауылындағы №106, және Абай ауылындағы №115 дауыс беру учаскелеріне отбасыларымен келіп дауыс берді.
«Біз мемлекетіміздің азаматы ретінде өзіміздің жауапкершілігімізді сезініп бүгін отбасымызбен келіп сенімді болашақ үшін дауыс бердік. Ел болашағы үшін азаматтық парызымызды орындауға дайынбыз», — дейді Шәмен Жаманұр.