Бүгін Жетісу облысындағы барлық сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру процесі басталды. Таңертеңнен бастап өңір тұрғындары өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне келе бастады.
Өңір бойынша барлығы 469 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін ұйымдастыру барысында азаматтардың, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге басымдық берілген.
Осы мақсатта учаскелер арнайы жабдықтармен қамтылып, қозғалысы шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар дауыс беру күні «Инватакси» қызметінің 32 автокөлігі мен 29 сурдоаудармашы қызмет көрсетеді.
Сайлау учаскелеріндегі жұмыс белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуде.