Бүгін Жетісу облысының бірқатар ауданы мен елді мекеніндегі сайлау учаскелерінде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Атап айтқанда, Көксу және Ескелді аудандарында, сондай-ақ өңірдің өзге де сайлау учаскелерінде таңмен таласа келіп, алғашқылардың қатарында өз таңдауын жасаған тұрғындарға құрмет көрсетілді.

Мәселен, №43 сайлау учаскесінде алғашқы болып Балқия Садуакасова дауыс берді.

Мұндай бастама сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, азаматтық белсенділікті арттыруға және тұрғындардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын қолдауға бағытталған.

Алғашқы болып дауыс берген азаматтар сайлау науқанына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасаудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда. Әрбір азаматтың таңдауы маңызды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *