Жетісу   облысының   ауыл    шаруашы­лығы     басқармасы   (бұдан-әрі Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, 2027 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлеміне қалыптастыру үшін өтінім беру 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 30 желтоқсанына дейін қабылданады.

  Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

        1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

        2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;

        3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);

        4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

        Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.

     Бұл ретте, танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.             

    Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282)60-00-52 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

     Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.

     Иллюстрация жасанды интеллект көмегімен жасалған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *