Биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Оған қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді. 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған. 

«Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады», — деп мәлім етті Аида Балаева. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын министр Аида Балаева Ұлттық құрылтай ел дамуының бағытын айқындайтын бірегей платформаға айналғанын айтқан еді. 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *