Құрметті жерлестер! Қадірлі Жаркент қаласы мен Панфилов ауданының тұрғындары!

Мен, Қабимолдаев Ақниет Талғатұлы, Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде сіздерге арнаған сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Тарихы терең, шекаралас орналасқан еңбекқор Панфилов ауданының әрбір ауылы мен қала көшесінің өсіп-өркендеуі – әрқайсымыз үшін маңызды әрі жауапты іс. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, аграрлық және логистикалық әлеуеті жоғары өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және келешекке берік негіз қалау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде елді мекеніміздің гүлденуіне, ауылдық округтер мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және өзекті мәселелерді шешуге өз үлесімді қосуға ниеттімін.

Сайланған жағдайда бағдарламамның төмендегі жеті бағытта жұмыс жүргіземін:

1. Әлеуметтік қолдау – халықтың әл-ауқатын арттыру

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ардагерлер мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

2. Жастарға – мүмкіндік, болашаққа – сенім

Жастардың сапалы білім алуына, туған өлкеде еңбек нарығында орнын тауып, тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасаймын. Сонымен қатар аудан мен Жаркент қаласында бұқаралық спорт пен мәдениетті дамыту, жастардың шығармашылық және қоғамдық бастамаларын қолдауға күш саламын.

3. Инфрақұрылымды дамыту

Ауылдық округтер мен қаланың күнделікті тіршілігі үшін маңызды ішкі жолдарды жөндеу, сапалы ауызсумен үздіксіз қамту, көше жарығын жақсарту, абаттандыру және елді мекендердің көркеюіне ықпал ету мәселелерін тиісті деңгейде көтеремін.

4. Білім мен денсаулық

Ауыл және қала мектептері мен балабақшаларының инфрақұрылымы мен жағдайын жақсартуға, алғашқы медициналық көмек пен дәрігерлік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ халық арасында саламатты өмір салтын насихаттауға ықпал етемін.

5. Кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту

Аудан экономикасын нығайту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, бау-бақша, мал және егін шаруашылығын дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ өңірде жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесемін.

6. Экология және қоршаған ортаны қорғау

Жетісу табиғатының тазалығын сақтау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жасыл аймақтар мен саябақтарды көбейту, сондай-ақ қала мен ауылдық округтердегі қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс мәселесін тиімді шешу бағытында жұмыс істеймін.

7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі үшін көшелер мен қоғамдық орындарда қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға, жол қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Бірлігіміз бен ынтымағымыз бекем болса, алға қойған мақсаттарға бірге жетеміз. Бірге – жақсы өмірге! Ортақ мақсат – өркендеген Панфилов ауданы мен ел!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *