Құрметті жерлестер! Қадірлі Панфилов ауданының тұрғындары!

Мен, Жасанова Дана Болатқызы, Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде өз сайлауалды бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынамын. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» демекші, жақсы өмір сүру үшін ынтымақ пен бірлікті сақтай отырып, өзім кандидат болып түскен сайлау округінде іс-әрекетімді Қазақстан Республикасы Президентінің салиқалы саясатына сәйкес шынайы да ашық түрде жүргіземін.

Аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, мен төмендегі жеті негізгі бағыт бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуге күш саламын:

1. Жол инфрақұрылымы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі

Жаркент қаласы мен ауылдық елді мекендердің жолдарын кезең-кезеңімен жөндеуге, көлік қатынасын жақсартуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

2. Сапалы коммуналдық қызмет және жарықтандыру

Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, электр желілерін жаңарту, көшелерді жарықтандыру және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін тиісті мекемелермен бірлесіп шешуге атсалысамын.

3. Кәсіпкерлік пен отбасылық істі қолдау

Шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, жаңа кәсіп бастаушыларға кеңес беру және отбасылық кәсіпті дамытуға ықпал ету бағытында еңбек етемін.

4. Ауыл шаруашылығы мен шаруалар мүддесі

Шаруалардың мүдделерін қорғау, жайылымдық жерлер мен суару суына қолжетімділікті жақсарту, ветеринариялық қызмет сапасын арттыру және жергілікті өнім өндірушілерді қолдау мәселелерін назарда ұстаймын.

5. Жұмыспен қамту және жастардың тұрақты табысы

Жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, жергілікті өндіріс пен қызмет көрсету саласын дамыту және тұрақты табыс көздерін көбейтуге күш саламын.

6. Медициналық қызмет пен алдын алу жұмыстары

Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық базасын нығайту, дәрігер тапшылығын шешуге және алдын алу медицинасына қолдау көрсету мәселелерін көтеремін.

7. Білім беру, қауіпсіздік және балалардың дамуы

Білім беру ұйымдарының жағдайын жақсартуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Берекелі бірлігімізді сақтай отырып, туған өлкеміздің өркендеуі жолында ашық әрі адал еңбек етуге дайынмын. Сіздердің қолдауларыңызбен ауданымыздың көркеюіне нақты үлес қосамыз деп сенемін!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *