Қарашілік ауылдық округінде құрылған өнерлі ұжым – «Ақ әжелер» ансамблі ауыл тұрғындарына дауыс беру учаскесінде мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әжелер ансамблінің ұжымы ең алдымен Сағабүйен ауылындағы өз учаскелерінде дауыс беріп, кейін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
«Біз бүгін ауылдастарымыздың көңілін көтерейік деп өзіміздің әндерімізді ұсынып жатырмыз. Жаңа Қазақстаннан күтер үмітіміз көп», — дейді ансамбль жетекшісі Төлеухан апа.
Аталған ансамбль ұжымы — ауылдың ұйықтысы. Ауданда өткен кез келген мерекенің көрігін қыздыратын ақ әжелер әр қашанда белсенді, кез келген шарадан қалыс қалмайды. Олардың репертуарларында қазақтың халық әндері көп. Олар әрбір мерекелік шарада көптің көңілін көтеріп, өнерлерін паш етіп жүр.