Референдум күні Кербұлақ ауданында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен бөлісуде. Солардың бірі — «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері.
Әжелер ансамблі ең әуелі №185 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, кейін келген дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлауда ұйғарды.
Береке мен бірліктің үлгісін көрсетіп, жастарға ұмыт болып бара жатқан құндылықтарды насихаттап жүрген, әні мен сәні жарасқан әжелер тобы ән шашуларын арнады.
«Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мақсаты бүгінгі жас ұрпақты ерте жастан ұлттық құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеу. Бүгінгі маңызды шара – ел ертеңі үшін аса қажетті таңдау жасауымызға беріліп отырған мүмкіндік. Сол себепті біз барлық аудан тұрғындарын референдумға белсене қатысуға шақырамыз», — дейді әжелеріміз.