Сарыөзек ауылының тұрғыны, 14 баланың анасы Гүлназ Шакенова №189 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Көпбалалы ана референдумның өз отбасына да маңызы зор екенін атап өтті.
«Бүгінгі дауыс беру – ертеңгі өсіріп отырған балаларым үшін жасалған дұрыс таңдау деп білемін. Себебі, халық болып жиналып, осындай маңызды мәселені бірлесіп шешпесек, келешек күннен күтеріміз не болады. Біз бірлігі жарасқан ұлтпыз. Бірлігімізді осындайда көрсете білейік», — деп ой қосты ана.
Гүлназ Шакенова жолдасы Сәрсенбай Сәдуақасов екеуі 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, олардан 4 немере көріп отыр. 3 қызы тұрмыста, 2 баласы студент, 5-еуі мектеп оқиды, соңғы 3 баласы балабақшаға барады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *