Құрметті Текелі қаласының тұрғындары, ардақты жерлестер!

Қаламыздың коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, көшелерді жарықтандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жұмыстарын басты назарда ұстаймын. Құрғақ уәде емес, әрбір көше мен шағынауданда көрінетін нақты нәтиже – менің басты ұстанымым.

Алдымызда тұрған нақты міндеттер мен басымдықтар:

Көшелерді жарықтандыру: Қаланың барлық шағынаудандары мен көшелеріне жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстарын толық аяқтауға қол жеткізу (жалпы саны 1 154 тірек орнатылып, қаламыздың қауіпсіз әрі жарық болуы қамтамасыз етілуде).

Су және кәріз жүйелерін жаңғырту: Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту және экологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін магистральдық су және кәріз желілерін қайта жаңарту жобаларының сапалы орындалуын қатаң депутаттық бақылауға алу.

Коммуналдық сала сапасы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінің (жылу, су, жарық, тазалық) тұрғындарға үздіксіз әрі сапалы көрсетілуін қадағалау, туындаған мәселелерді жедел шешу.

Экология және тазалық: Қала аумағын, аулалар мен қоғамдық орындарды таза ұстау, жасыл аймақтарды көбейту және «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдау.

Халықпен кері байланыс: Тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді шешу жолында билік пен халық арасында сенімді көпір болу.

Қуатты Текелі – жарық, таза әрі тұрмысқа аса жайлы қала! Бірлесе еңбек етейік!

Қадірлі жерлестер!

Сіздердің білдірген сенімдеріңізді ақтап, туған қаламыздың өркендеуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын!

Сайлауға келіңіздер, жайлы инфрақұрылым мен тұрақты даму үшін өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *