Бүгінгі референдумнан көпбалалы аналар да қалыс қалған жоқ. Олар жақын маңдағы дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады.
«Біз бүгін балаларымыздың жарқын болашағы үшін, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дауыс бердік. Себебі, барлық ана балаларының дамыған, мықты мемлекетте өмір сүргенін қалайды», – деді «Күміс алқа» иесі Назира Бейкутова.