Жетісу облысында вегетациялық кезең қалыпты режимде өтуде. Климаттың өзгеруіне байланысты өңірде су ресурстарын үнемдеу мен цифрландыру шаралары қолға алынды.
Шаруалармен келісімшарт жасасу толықтай электронды биллингтік жүйеге көшірілді. 8 мыңнан астам электронды келісімшарт жасалып, 130 мың гектардан астам егістікті суару жоспарланған (қазіргі таңда 115 мың гектардан астамы толық суарылды).
Су тапшылығын шешу үшін жалпы сыйымдылығы 151 млн м³ болатын 8 жаңа су қоймасы салынады. Быжы, Тышқан, Қорғас және Өсек өзендеріндегі 4 жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, жақында құрылысы басталады. Ал Бүйен, Балықты және Жаманты су қоймалары бойынша құжаттар әзірленуде. Қолданыстағы Ақешкі, Алмалы, Ащыбұлақ және Қызылағаш су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Мамандар диқандарды монодақылдарды азайтып, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануға шақырады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *