Жетісу облысында талдықорғандық құрылысшылар отбасы металды заманауи, сәнді әрі пайдалы бұйымдарға айналдырып келеді. Олардың өндірістік цехында қаланың келбетін көркейтетін функционалды металл конструкциялармен қатар түрлі сәндік-декоративтік элементтер де дайындалуда.
Талдықорған қаласына арналған жаңа аялдама павильондары – кәсіпорынның ерекше жобаларының бірі. Қазір олар шаһардың бірнеше шағынауданында орнатылып жатыр. Бүгінгі таңда 20-дан астам аялдама көпшіліктің игілігіне пайдаланылуда. Павильондардың басты ерекшелігі – олар қаланың логотипі мен облыс орталығының ең танымал нышандарының бірі саналатын «Жетісу» стеласының бейнесімен безендірілген.
Қазіргі таңда кәсіпорында 11 адам еңбек етеді.