Жыл басынан бері «Jetisu Digital» 1 380-нен астам қатысушының басын қосқан 57 іс-шара өткізді. Олардың жартысынан астамы жасанды интеллект пен оны практикада қолдану мәселелеріне арналды.

«Digital Keruen» жобасы облыстың барлық 10 ауданы мен екі қаласын қамтыды: сарапшылар өңірлерге арнайы барып, жергілікті тұрғындарды заманауи цифрлық дағдыларға баулыды.

Хаб IT-білім беру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебінде кезекті оқу легі аяқталды. Сонымен қатар, «Жетісу жастары» орталығының базасында Tomorrow School мектебін іске қосуға толық дайындық жүргізілді — 50 заманауи жұмыс орны құрылды. Мектептің ашылуы 2026 жылғы шілдеге жоспарланған. 

«Jetisu Digital» алдағы уақытта «Tomorrow School» мектебін ашуды, бағдарламалау, веб-дизайн және генеративті ЖИ бойынша тегін курстарды кеңейтуді, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамытуды, сондай-ақ аудандарда жаңа көшпелі интенсивтер өткізуді жоспарлап отыр. Креативті индустрия, медиа және робототехника бағыттарына ерекше назар аударылады.

Хабтың басты міндеті — заманауи технологиялық өнімдер жасап, Жетісудың цифрлық экономикасын дамыта алатын білікті мамандар даярлау.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *