Жетісу облысында оқушылар арасындағы психологиялық қауіп-қатерді анықтауғы арналған «Психолог кабинеті» платформасы мектептерге тегін негізде ұсынылды. Жүйе 24/7 режиміндегі тұрақты жұмысын, айына екі рет жаңартулар енгізуді және жұмыс күндері үздіксіз техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің негізгі нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына толық сәйкес келеді. Цифрландыру бағытында платформа «Мектептегі педагог-психологтың ақпараттық жүйелерді қолдануы туралы» нұсқаулық хатына, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және 2025–2029 жылдарға арналған «Ұлттық білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сай.

Жоба аясында облыстық білім басқармасы жанындағы Әдістемелік орталықпен келісім жасалып, 17 мектепте кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9-10 сыныптардың 8 мыңға жуық оқушысы кәсіби диагностикалық зерттеулермен қамтылды.

«Психолог кабинеті» цифрлық платформасы Жетісу облысында мектеп психологтарының кәсіби деңгейін арттыруда, балалардың психологиялық қауіп-қатерлерін ерте анықтауда және білім ошақтарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруда өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеген маңызды құралға айналды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *